БОКС: Қазақстан біріншілігінің ақтық сынына шыққан боксшылар анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан Тараз қаласында өтіп жақан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Біріншілікке барлығы 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысқан болатын.
Алайда финалға сайыстарға Оңтүстік Қазақстан облысынан - 6 боксшы, Ақмола облысынан - 4, Маңғыстау облысынан - 1, Жамбыл облысынан - 4, Қарағанды облысынан - 1, Алматы облысынан 2 және Астана қаласының атынан 2 боксшы шықты.
Сонымен, ертеңгі болатын ақтық сайыстарда шаршы алаңда мына жұптар кездеседі. Олар:
49 келі Жомарт Ержан (Оңтүстік Қазақстан облысы - Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)
52 келі Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы) - Олжас Сәттібаев (Жамбыл облысы)
56 келі Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы) - Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы)
60 келі Ержан Мүсәпіров (Қарағанды облысы) - Зәкір Сафиуллин (Оңтүстік Қазақстан облысы)
64 келі Алмасбек Әлибеков (Оңтүстік Қазақстан облысы) - Самат Башенов (Астана)
69 келі Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл облысы) - Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)
75 келі Мейірім Нұрсұлтанов (Астана) - Нұрзат Сабыров (Оңтүстік Қазақстан облысы)
81 келі Нұрдәулет Жарманов (Ақмола облысы) - Арман Рысбек (Алматы облысы)
91 келі Асқал Абдоллаев (Оңтүстік Қазақстан облысы) - Алмат Серімов (Ақмола облысы)
91+ келі Нұржан Бекзатов (Оңтүстік Қазақстан облысы) - Руслан Мырсатаев (Алматы облысы)