Бокс: Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Өзбекстандағы халықаралық сайысқа қатысуда

Айта кетейік, бұл бәсеке аталмыш спорттың түрі бойынша мектептің негізін қалаған Сидней Джексонға арналған.
Турнирге Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның, Филиппиннің, Ресейдің спортшылары және Өзбекстанның 3 командасы қатысуда.
ҚР Ұлттық кұрамасының аға жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин мәлім еткендей, аталмыш сайыста біздің республикамыздың атынан 11 боксшы - ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері - Теміртас Жүсіпов (49 келі), Қанат Тұрғанбаев (52 келі), Думан Сүлейменов (64 келі.), Манат Өмірзақов (69 келі), Алмат Селимов (81 келі) және Василий Левит (91 келі) бақтарын сынайды.
Алматы қаласы құрамасының жаттықтырушы Марат Ашкеевтің сөзіне қарағанда, қазақстандық команданың құрамында Тастемір Бибосынов, Бауыржан Бигелдинов (56 келі), Рустам Рустамов (60 келі), Руслан Ғаппаров (69 келі) және Қуаныш Өмірзақов (81 келі) сияқты оңтүстік астананың өкілдері де бар.
7 мамырда өткен сайыстың бірінші күнінде рингке өзбекстандық Пахлавон Ходжиевқа есесін жіберген Тастемір Бибосынов (56 келі) шықты. Сонымен қатар Бауыржан Бибосынов та 56 келі салмақ дәрежесінде өзінің қарсыласы Рүстем Фаткуллиннен жеңіліс тапты.
Боксшылардың ақтық жекпе-жектері 11 мамырда өтеді.