Бокс: Қазақстандық қыздар Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Вьетнамның Хошимин қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының 1/2 финалдық жекпе-жектері өтеді.
None
None

11 елден жиналған спортшылар құрлық турнирінің медальдарын сарапқа салады.
null 

Жартылай финалға Үндістаннан - 7, Қазақстан мен Вьетнамнан - алтаудан, Қытайдан - 5, Солтүстік Кореядан - 4, Тайпей мен Өзбекстаннан - төртеуден, Моңғолия мен Оңтүстік Кореядан - екеуден және Тайланд пен Жапониядан бір-бір спортшы қатысады.
null 

«Статистика биылғы Азия чемпионатында Үндістан, Қазақстан, Вьетнам, Қытай және Солтүстік Корея өкілдері медальдар үшін күрес жүргізетін басты командалар екенін көрсетеді. Камбоджа, Мьянма, Непал сияқты турнир дебютанттары медальдар сарапқа салынатын сатыға көтеріле алмады. Дегенмен осы елдерден келген боксшы қыздар айтарлықтай тәжірибе жинақтады», - дейді Азия бокс конфедерациясының атқарушы директоры Бағдәулет Төреханов.
null 

Азия біріншілігінің финалдары 2017 жылғы 8 қарашада өтеді.

Жартылай финалдық және финалдық айқастардың онлайн-трансляциясы www.asbcnews.org сайтында Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар