БОКС: Қазақстандық Жан Кособуцкий Нью-Йоркке аттанбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 28 наурызда Захари Бюнске қарсы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетін 27 жастағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий өз командасымен бірге Нью-Йоркте тұратын болады.

БОКС: Қазақстандық Жан Кособуцкий Нью-Йоркке аттанбақ

Бұл туралы боксшының промоутері Макс Альперович мәлім етті.

«Жан келесі аптада ұшып келеді. Оның жаттығатын жері Бруклинде, Нью-Йоркте орналасады. Оны әкесі жаттықтырады, Андре Розье мен Гарри Старк оған көмектеседі», - деді ол.

Промоутердің айтуынша, болашақта Жан американың танымал менеджері Эл Хэймонмен келісім жасауы мүмкін.