БОКС: Қазақстанның 6 қызы - Әлем чемпионатының жартылай финалында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері өтеді және Қазақ елінің 6 боксшысы шаршы алаңға шығады.
None
None

Атап айтқанда, 48 келіде Назым Қызайбай, 51 келіде Жайна Шекербекова, 54 келіде Дина Жоламан, 57 келіде Айжан Қожабекова, 69 келіде Валентина Хальзова және аса ауыр (81+) салмақтағы Ләззат Күнгейбаева ел намысын қорғайды.

«Қазспорт» телеарнасы жартылай финалдық бәсекелерді тікелей эфирде көрсететіні жоспарланып отыр. Жарыстың күндізгі бөлігі Астана уақытымен 14-40-та басталады. Ал кешкі бөлігі сағат 18-40-та жалғасын табатын болады.

Ал ертең әлем чемпионатының ең тартысқа толы болатын финалдық кездесулерін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

19 мамыр күні басталған жаһандық бәсеке 27 мамыр күні мәресіне жетіп, қыздар арасындағы әлемнің ең үздіктері анықталатын болады.

Барлық он салмақ бойынша алтын жүлде үшін болатын шаршы алаңдағы кездесулер Астана уақытымен 14-45-те басталады.

Айта кету керек, әлем чемпионаты өткен жылы ашылған Астана қаласындағы көп салалы «Барыс-Арена» спорт сарайында өтіп жатыр.
Жанкүйерлерге тегін кіру мүмкіндігі қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар