БОКС: Кличконың кезекті қарсыласы америкалық Бригс болуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Кличконың менеджері Бернд Бонте украиндық боксшының америкалық Шеннон Бригспен кездесуі мүмкін екенін растады, деп хабарлады fightnews.com.

БОКС: Кличконың кезекті қарсыласы америкалық Бригс болуы ықтимал

Бұл жекпе-жек Владимир Кличко өзге АҚШ өкілі Брайант Дженнингспен кездеспеген жағдайда өтеді. Егер Кличко Бригспен рингке шықса, онда жекпе-жек Нью-Йоркте өтуі мүмкін екендігі атап өтілді.

Халықаралық бокс федерациясының (IBF), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко осыған дейін IBF титулына үміткер болгариялық Курбат Пулевпен кездесті. Жекпе-жек 16 қарашада, түнде Гамбургте өткен болатын. Бесінші раундта Кличко қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.