Бокс: қос бірдей қазақ қызы әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қос бірдей қазақ қызы финалға шықты.
None
None

Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, алдымен Назым Қызайбай 48 келі салмақта жапон қызы Мадоку Вадуды 3:0 есебімен жеңіп, соңғы айқасқа жолдама алды. Оның финалдағы қарсыласы - үндістандық Шамджетсабам Сарджубала.

Кеше кешкісін Ләззат Күнгейбаева да 81 келіден астам салмақта түрік қызы Эмине Боздуманды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бүгін ол шешуші шайқаста ресейлік Зенфира Магомедалиевамен шаршы алаңға шығады.

Алматы қаласының намысын қорғап жүрген 21 жасар Назым 2012 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін айта кетейік. Ал астаналық, 1987 жылғы Л.Күнгейбаева - 2012 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Сөйтіп, әлем чемпионатының финалында тұңғыш рет қос бірдей қазақстандық алтын жүлде үшін таласқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар