БОКС: Котто - Гил жекпе-жегі

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикандық кәсіби боксшы Мигель Котто әлемнің бұрынғы чемпионы автралиялық Дэниэль Гилді жеңді, ол қарсыласын төртінші раундта нокаутқа жіберді.

БОКС: Котто - Гил жекпе-жегі

Сіздерге төрешінің шешімімен тоқтатылған жекпе-жектің толық нұсқасын ұсынамыз.

Еске салсақ, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдарының иегері орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Коттоға тиесілі WBC белдігінің міндетті үміткері болып табылады. Ол бұл кездесуге тек көрермен ретінде барды, деп хабарлады vesti.kz.