БОКС: Кубалық «Cuba Domadores» WSB-тің ақтық сайысына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Гаванада «Cuba Domadores» - «Russian Boxing Team» матчының жартылай финалдық бәсекесі өтті.

БОКС: Кубалық «Cuba Domadores» WSB-тің ақтық сайысына шықты

Олар бокстан әлемдік серияның жартылай финалындағы жауапты кездесуінде өз алаңында ресейліктерді 5:0 есебімен ұтты. Ал мәскеудегі матч 3:2 есебімен аяқталған болатын. Сонымен Куба боксшылары бірінші болып WSB - 2013/14 финалына шықты.

Кубалық боксшылардың қарсыласы Әзербайжанның Губа қаласында анықталады. Онда «Astana Arlans» бен «Baku Fires» арасында жауапты кездесулер өтеді, деп хабарлады sports.kz.