БОКС: Кубалықтармен күшiмiз тең - Серiк Сәпиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы, "Астана Арланс" клубының басшысы Серiк Сәпиев WSB турнирiнiң ақтық сынында қазақстандық боксшыларға өте ауыр болады деп есептейдi.

БОКС: Кубалықтармен күшiмiз тең - Серiк Сәпиев

"Менiң ойымша, Ресей боксшыларымен болған жартылай финалдық кездесудегiдей болмайды. Кубалықтар қайратты және өте мықты. Ресейлiктерден үлкен қарсыластық күткен едiк. Кубалықтармен күшiмiз тең деп есептеймiн", - дедi С. Сәпиев.

"Мен кубалықтармен рингте талай кездестiм. Олар техникалық тұрғыда өте сауатты және өздерiн рингте қожайын санайды. Сондықтан оларға рингтi берiп қоймай, өз дегенiңдi, өз боксыңды мәжбүрлеуiң керек", - деп атап өттi клуб басшысы.

Еске салайық, 20-21 маусым күнi Астанада өтетiн Бүкiләлемдiк бокс сериясының ақтық сынында "Астана Арланс" осы маусымда жеңiлiп көрмеген "Куба Домадорес" боксшыларына қарсы шығады.