02:17, 26 Сәуір 2014 | GMT +5
БОКС: Лебедев пен Джонс арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жұма күні, кешқұрым болуы тиіс ресейлік Денис Лебедев пен панамалық боксшы Гильермо Джонс арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлады Дүниежүзілік бокс қауымдастығының вице-президенті (WBA) Жильберто Мендоса өзінің Twitter-дегі микроблогында.
Жұма күні WBA титулы үшін Лебедевпен қарымта кездесу алдында Джонстан допинг-сынама алынған болатын. Оның қорытындысына сәйкес, спортшының қанынан тыйым салынған заттар анықталды. Сынаманы швейцариялық допингке қарсы зертхана өткізді.
«Кештің промоутері Андрей Рябинскиймен арада болған талқылаудан кейін соңғы жағдайға байланысты Лебедев - Джонс жекпе-жегі өтпейтін болды»,-деп жазды Мендоса.