14:47, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
БОКС: М. Вольнова әлем кубогының жеңімпазы
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бокстан Ресейдің Белоярск қаласында өтіп жатқан мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы мәреге жетті.

Бұл сыннан Қазақстан 2 алтын, 1 күміс еншіледі, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.
Лондон олимпиадасының жүлдегері Марина Вольнова (75 кг) финалда ресейлік Инна Сагаидаковскаяны 15:9 есебімен ұтып, турнир чемпионы атанды.
Ерлер арасында 49 келіде Азат Қамзин финалда моңғолиялық Ганг Ерденг Ганкхуангтан басым түсіп (14:7), алтын алды.
Ал 91 келіде Василий Левит күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік Сергей Корнеевпен 15:15 есебімен тең түскен. Кейін төрешілердің шешімімен жеңіс шаршы алаң иесіне берілді.
Қазақстан жалпы есепте Ресейден кейінгі екінші орын алды.