БОКС: Мартинес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы WBC чемпионының жаңа үлгідегі белбеуіне ие болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина боксшысы Серхио Мартинес пен пуэрторикалық Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы WBC нұсқасы бойынша жаңа үлгідегі чемпиондық белбеуді иеленеді, деп хабарлайды Сhampionat.com.
None
None

Айта кетейік, WBC ұйымы чемпиондық белбеулердің жаңа түрін жасап шығарған болатын. Олардың қасбетінде қайтыс болған қауымдастықтың бұрынғы президенті Хосе Сулейманның бейнесі таңбаланбақ. Сонымен қатар әрбір салмақ дивизионы бойынша тарихқа аты енген ең үздік боксшылардың суреттері басылып отырады. Белбеулерде бейнелері басылатын спортшыларды жанкүйерлердің өздері таңдамақ.

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион Серхио Мартинес пен бұрынғы чемпион Мигел Котто арасындағы кездесу 7 маусымда өтеді.

Соңғы жаңалықтар