БОКС: Мен мұнда тек жеңіске жету үшін келдім - кіші Вилли Монро
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы американдық кіші Вилли Монро қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын алдағы жекпе-жектен не күтетіндігі жайлы өз пікірімен бөлісті.
«Спорттық жолым аяқталған шақта жанкүйерлердің мені ең үздіктердің бірі ретінде естерінде қалдыруы үшін осындай жекпе-жекте жеңіске жеткім келеді. Бокс тарихында мұндай жағдайлар болады - жұрттың бәрі бұл жігіттің ешқандай мүмкіндігі жоқ, оны сұлатып салады деген болжамдарын айтады. Бірақ ол ешкімнің сөзін құлаққа да ілмейді, өзіне сенеді және бәрін де таңдай қақтыруы ғажап емес. Мен де мұнда босқа емес, жекпе-жекте тек жеңіске жету үшін келдім»,-деген кіші Монроның сөзін келтіреді allboxing.ru.
Еске сала кетсек, Головкин мен Монро арасындағы шаршы алаңдағы кездесу Астана уақытымен 17 мамырда таңғы сағат шамамен 8:00-де болады, деп хабарлайды Vesti.kz.