БОКС: Мен өзіме лайықты қарсыласты көре алмай отырмын - Карл Фроч

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Карл Фроч әлі күнге дейін спорттық жолын жалғастыруға байланысты бір шешімге келе алмай отыр, деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионат.comға" сілтеме жасап.

БОКС: Мен өзіме лайықты қарсыласты көре алмай отырмын - Карл Фроч

«Егер боксты тастасам, өте бақытты жан болар едім. Мен фантастикалық жетістіктерге қол жеткіздім. Жұрттың бәрі менен жұдырықтасуымды жалғастырамын ба, жоқ әлде спорттағы жолымды тоқтатамын ба, осы жайлы ресми мәлімдемемді естігілері келеді. Бірақ өзім де қалай боларын білмеймін. Егер лайықтылар табылып жатса, онда мен рингке қайта шығамын. Бірақ дәл қазір ондай қарсыласты көріп тұрғаным жоқ, деген Фрочтың сөзін келтіреді TalkSport.