Бокс: Мейвезер мен МакГрегор алғаш рет көз арбасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, америкалық кіші Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы Конор МакГрегор арасында өтетін айқасқа арналған бірінші баспасөз мәслихаты өтті.
None
None

Дәстүр бойынша қарсыластар алғаш рет көз арбасты. Бұл олардың төрт күндік баспасөз-турының бастамасы.

Сәрсенбі, 12 шілде күні былғары қолғап шеберлері Торонтода (Канада), одан кейінгі күні Нью-Йоркте (АҚШ), жұма күні - Лондонда (Ұлыбритания) қайта кездеседі.

Жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бірінші орта салмақтағы бокс ережесі бойынша өтеді. 

Соңғы жаңалықтар