БОКС: Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жек алдында допинг-тестілеуден өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуэзер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо 2 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін жекпе-жек алдында допингке тестілеуден өтуге келісті, деп хабарлады "Р-Спорт".
Америкалық допингке қарсы агенттік (USADA) екі боксшы да сапар кестесін беруге, ескертусіз кез келген уақытта тексеруге дайын болуы тиістігін ескертті. Олардың сынамалары өсім гормоны, эритропоэтин мен көміртегі изотобына тексеріледі.
Еске салсақ, 2010 жылы боксшылар кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізген уақытта допинг-тест проблемалардың біріне айналған. Ол кезде Мейвезер Пакьяоны допинг қолданды деп айыптаған. Алайда филиппиндік оны жоққа шығарып, қарсыласын сотқа берген. Іс соттан тыс тәртіпте реттелді.