Бокс: Момынов АҚШ-та жасындай жарқылдар ма екен

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін Орландо (АҚШ) қаласында өткізеді.

 Бокс: Момынов АҚШ-та жасындай жарқылдар ма екен

Жерлесіміз шаршы алаңға 24 наурызда шығады. Жекпе-жек 4 раундтық болмақ. Әзірге оның қарсыласы белгісіз болып отыр. boxrec.com  сайтында тек кездесудің нақты болатын орны мен уақыты жазылған.

Айта кету керек, 19 қараша күні Бобыржан өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, америкалық қарсыласы Эндрю Липтонды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын, деп жазады dodasport.kz.