Бокс: Моңғолиядағы чемпионатта қандастарымыз 1 күміс, 4 қола еншіледі

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Моңғол елінің астанасы Ұланбатыр қаласында ересектер арасында бокстын ел чемпионатын сыналту бәсекесі болып өтті.
None
None

Аталмыш жарысқа 28 құрлымның (аймақ, қала, кент, жеке спорт клубтары) атынан 206 спортшы қатысып, ерлер он салмақ дәрежесі бойынша қолғап түйістірді, деп хабарлайды «Аламан».

Аталмыш жарысқа сол елде тұратын ұлты қазақ қандастарымыз да қатысып, шама шарқынша нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, 52 келіде Нұрлан Асқарұлы, 60 келіде Бейбіт Асқарұлы, 64 келіде Білімбек Қажымұратұлы, 69 келіде Ерған Қуатұлы қола жүлдеге қол жеткізді. Ерған бауырымыз бұған дейін жастар арасында чемпион атанып, 2012 жылы Арменияның астанасы Ереван қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігіне моңғол елі атынан қатысқан болатын. Ол әлем біріншілігінде әуелі алғашқы жекпе-жегін еркін өткізіп, келесіде жолы түйіскен жапондық Минамино Акифумиды 23:9 есебімен айқын басымдықпен ұтқан еді. Ал үшінші жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Айтжан Шлеевпен кездесіп, 13:5 есебімен ұтылды.

Сонымен жоғарыдағы жарыстың ең ауыр салмағында (91+) өнер көрсеткен Ерболат Төлекұлы күміс жүлдені еншіледі. Бұл қандасымыз өткен жылы 91 келі салмақта чемпион атанған еді.

Соңғы жаңалықтар