13:42, 30 Қазан 2015 | GMT +5
БОКС: Нью-Йорктегі жекпе-жекте Бақтияр Эюбов американдық боксшыдан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші жартылай орташа салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Бақтияр Эюбов кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Нью-Йорктегі бокс кеші аясында қазақстандық кәсіби боксшы, Қазақстан Республикасының бокс бойынша спорт шебері 29 жастағы Бақтияр Эюбов бірінші раундта техникалық нокаутпен американдық Антонио Чавес Фернандесті жеңді.