БОКС: Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына өтті.

БОКС: Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына өтті

Ол байрақты бәсекенің ақтық сынына жолдама алған алғашқы аруымыз, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалдық жекпе-жекте Оңтүстік Корея өкілі Йон Гум У-ды жеңді. Есеп - 3:0 (40:36, 39:37, 39:37).

Шешуші кездесуде Назым америкалық Марлен Эспарзуды жеңген қытайлық Юян Ванмен жұдырықтасады.

Финал ертең, 27 мамырда өтеді.