Бокс: Назым Қызайбай Азия чемпионатының 1/4 финалына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі дүркін әлем чемпионы Н.Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта таиландтық Раксат Чутхаматпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек өте тартысты өтіп, төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Назым ширек финалға жолдама алды.

Азия біріншілігінде әйелдер арасында, сондай-ақ Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатын Серік Теміржановтың жеңіспен бастағанын, Сәкен Бибосыновтың бастапқы кездесуін сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбайдың рингке шығатыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар