Бокс: Назым Қызайбай «Страндж кубогы» турнирінің жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай «Страндж кубогының» жартылай финалына шықты. Турнир осы күндері Болгарияның астанасы Софияда өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бокс: Назым Қызайбай  «Страндж кубогы» турнирінің жартылай финалына шықты

Ширек финалда Қызайбай испаниялық спортшы Лаура Фуертес Фернандеспен 50 килограмға дейінгі салмақ санатында жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық 2014 және 2016 жылдары Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Атап өту керек, бүгін рингке тағы үш қазақстандық шығады: Балауса Муздиман (54 килограмға дейінгі салмақ санатында), Дина Жоламан (54 килограмға дейінгі салмақ санатында) мен Карина Ибрагимова (57 килограмға дейінгі салмақ санатында).