Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бокс: Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалықты екінші раундта нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында (АҚШ) айқасты, деп хабарлайды  Sports.kz .

Бокс: Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалықты екінші раундта нокаутқа түсірді

Оның қарсыласы америкалық Эрик Мун (7-0, 6 КО) болды.

Алты раундтық жекпе-жекте Нұрсұлтанов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл қазақтандықтың кәсіби бокстағы бесінші жеңісі, ал Мун өз карьерасында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.