Бокс: О.Сәттібаев Азия чемпионы

АСТАНА. ҚазАқпарат Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Олжас Сәттібаев Қазақстан қоржынына алғашқы алтын салды.

Бокс: О.Сәттібаев Азия чемпионы

52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировпен кездескен болатын. Барынша тартысты өткен 3 раундық кездесу барысында О.Сәттібаев қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Дәл қазіргі уақытта 60 келі салмақ санатындағы боксшымыз Зәкір Сафиуллин 2014 жылы Азиада чемпионы атанған моңғол боксшысы Отгондала Доржнямбуумен жұдырық түйістіруде.