Бокс: Олимпиадалық іріктеуде «Арлан» Иштван жолдамадан үмітті

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат -Трабзон қаласында бокстан олимпиадалық іріктеу додасы әрі қарай жалғасуда. Бұл жайында бүгін Кәрі құрлықтың былғары қолғап шеберлері қатысып жатқан дода туралы «Аламан» спорт агенттігі хабарлап отыр.

Бокс: Олимпиадалық іріктеуде «Арлан» Иштван жолдамадан үмітті

Әлем чемпионатының қола жүлдегері беларусьтік Виктар Зуев (+91 кг) жолдамадан қағылды. Ол ресейлік Магамед Омаровқа есе жіберді - 7:16. Ал қазақ жанкүйерлеріне етене таныс сербиялық Милютин Станкович те (экс «Астана арландар» боксшысы, +91 келі) жарысты аяқтады. Серб спортшысы француз Юка Тониге жол берді - 6:10.

Сондай-ақ тағы бір «арлан» венгр Иштван Бернат (+91) Роман Маризовскиді (Израиль) ұтып, келесі кезеңге шықты. Оның келесі қарсыласы словениялық Лабинот Хочхай.