Бокс: Олимпиадалық іріктеуде Біржан Жақып финалға шықты

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Бокстан Астанада өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу сынының жартылай финалдық кездесулері басталды.

Бокс: Олимпиадалық іріктеуде Біржан Жақып финалға шықты

«Аламан» порталының мәліметінше, шаршы алаңға аса жеңіл салмақтағы Біржан Жақып шығып, жеңіске жетті.

Өзбек Шахободин Заировпен жұдырықтасқан Біржан оны 20:11 есебімен ұтты. Б. Жақып бірінші раундта 7:3 есебімен басым түссе, екінші раундта 8:4 есебі тіркелді. Үшінші кезең 5:4 есебімен біздің пайдамызға шешілді. Біржан Жақып енді Лондон жолдамасын жапон Наоуо Иноемен сарапқа салады. Күншығыс елінің боксшысы өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты (Тәжікстан) ұтты.