БОКС: Өзбекстан командасы қазақ қыздарынан бір ұпай да ала алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан «төрттіктің турнирінде» Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан командасын 10:0 етіп ұтты, деп жазады egemen.kz NewTimes.kz тілшісіне сілтемемен.
None
None

Турнир Алматы облысының Талғар қаласында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) құзыретіндегі Бүкіләлемдік бокс академиясында өтіп жатыр. Оған Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Қазақстан құрамалары қатысуда.

Жарыс кеше, 5 маусым күні Қазақстан - Моңғолия жасақтарының кездесуімен басталды. Матчта қазақстандықтар 11:2 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін қазақстандықтар сапынан Алина Тұрлыбаева (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Сәния Сұлтанқызы мен Жанна Басқаева (57 кг), Гүлжан Үббіниязова (60 кг), Азия ойындарының қол жүлдегері Саида Хасенова (64 кг), жастар арасындағы әлем чемпионы Гауһар Ермекбай (69 кг) және Анастасия Рылиналар (75 кг) қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ - 10:0.

Жарыстың бірінші күні Ресей құрамасы Өзбекстан қыздарын 7:3 етіп сүріндірді.

Ертең біздің қыздар Ресей командасымен беттеседі.

Соңғы жаңалықтар