БОКС: Пакьяоның командасы Мэйуэзермен қарымта кездесу жайлы келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоның командасы америкалық Флойд Мэйуэзермен қарымта кездесу өткізу жайлы келіссөздер жүргізіп жатыр.

БОКС: Пакьяоның командасы Мэйуэзермен қарымта кездесу жайлы келіссөздер жүргізуде

Бұл туралы Пакьяо Халықаралық бокс қауымдастығының баспасөз қызметіне айтты.

"Соңғы айқасымда (Хуан Мануэльмен) Маркеспен кездескім, (Тимоти) Брэдли немесе Мэйуэзермен қайта кездесіп, күш сынасқым келеді. Менің командам осы мәселе бойынша, бұл кездесуді Дохада өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр", - деді Пакьяо.

Өзінің соңғы кездесуінде 3 мамырда Лас- Вегаста Пакьяоны жеңген Мэйуэзер 66,68 кг салмақ дәрежесінде үш белдікті - Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) белдіктерін біріктірді. Көптеген сарапшылар "ғасыр жекпе-жегі" деп атаған кездесу америкалықтың пайдасына шешілді. Есеп - 118:110, 116:112, 116:112.