БОКС: Поветкин мен Чарр арасындағы жекпе-жек Мәскеуде өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік аса ауыр салмақтағы боксшы Александр Поветкин мен германиялық Мануэль Чарр жекпе-жек келісімшартына қол қойды.

БОКС: Поветкин мен Чарр арасындағы жекпе-жек Мәскеуде өтетін болды

Бұл туралы осы жағдаймен таныс дерекөз хабарлады.

Жекпе-жек 30 мамырда Мәскеуде болады. Өткізілетін орын әзірге белгіленген жоқ.

Дүниежүзілік боксшылар кеңесінің рейтинг-парағында 6-орынды иеленген Чарр 1 рет есе жіберіп, 26 рет жеңіске жеткен (15 нокаут). Неміс боксшысының соңғы жекпе-жегі 12 сәуірде болған, онда ол америкалық Кевин Джонсоннан ұпай санымен басым түсті.

Кәсіби рингте 20 рет жеңіске жеткен Поветкин (18 нокаут) өткен жылы қазанда Мәскеуде украиндық Владимир Кличкодан ұпай санымен ұтылған еді. Содан бері ресейлік рингке шыққан жоқ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.