БОКС: Поветкин мен Кличко арасында қарымта матч өтуі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Александр Поветкин мен төрт ұйым нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко арасындағы қарымта кездесу 2016 жылы өтуі мүмкін.
Бұл туралы «Ресей 2» телеарнасының эфирінде ресейліктің промоутері Андрей Рябинский хабарлады.
Поветкин мен Кличко арасындағы алғашқы айқас 2013 жылғы 5 қазанда Мәскеуде өткен. Онда украиндық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
«Кличкомен жекпе-жек 2015 жылы болмайтыны анық. Бәлкім, 2016 жылы өтетін шығар. Қазір Кличкомен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Онымен келісу оңайға соқпайтынын сеземін, - деп атап өтті Рябинский. - Поветкин Кличкомен бүгін болса да шығуға дайын, алайда қазіргі жағдайда, бастысы - асықпай бәрін жақсылап жан-жақты жоспарлап алу қажет».
Кличконың есебінде 65 жеңіс (62 - нокаут) болса, 3 рет есе жіберген. Поветкин 28 рет (26 - нокаут) басым түсіп, бір рет жеңілген.