БОКС: Ресейлік Поветкин украиндық Глазковпен жекпе-жекке шықпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Александр Поветкиннің командасы украиндық аса ауыр салмақтағы Вячеслав Глазковпен қолғап түйістірмекші.
None
None

Жекпе-жек алдағы маусым айында болады деп күтілуде.

Бұл туралы Халықаралық боксшылар федерациясының нұсқасы бойынша (IBF) Солтүстік Американың чемпионы Вячеслав Глазковтың өзі айтты. «Иә, Поветкиннің кәсіпқой спортты ұйымдастыру компаниясынан екі күн бұрын маусым айының басында онымен жекпе-жекке түсуім туралы ұсынысы түсті. Мұны көре жатармыз», - деді ол.

Вячеслав Глазков - аса ауыр салмақ санатындағы украиндық кәсіби боксшы, 2007 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2008 жылғы Бейжіңдегі XXIX олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері, деп хабарлайды Росбалт.

Соңғы жаңалықтар