БОКС: Рой Джонс Ригада британдық Кортни Фрайды сұлатып салды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 79,38 келі салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Рй Джонс Бүкіләлемдік боксшылар одағының (ВБУ) нұсқасы бойынша 90,71 келі салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Ригада болған 12 раундтық жекпе-жекте ол британдық Кортни Фрайдан 5-раундта техникалық нокаутпен басым түсті.
Джонс өткен жылдың желтоқсанында француз Зинеддин Бенмаклуфты ұпай санымен ұтып, ВБУ титулына ие болған еді.
Джонстың есебінде қазір 58 жеңіс (41 нокауд), 8 жеңіліс бар.
Ал 39 жастағы Фрай алтыншы рет сүрінді (3-еуі қатарынан), 18 жеңіске (6 нокаут) жеткен.