БОКС: Руслан Чагаев пен Лукас Браун әлем чемпионы титулы үшін айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Өзбекстан өкілі Руслан Чагаев пен австралиялық Лукас Браун арасындағы жекпе-жек 5 наурызда Грозныйда өтеді.
None
None

Бұл туралы Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

Шілде айында Чагаев Германияда бірінші раундта итальяндық Франческо Пьянетуды нокаутқа жіберіп, алғаш рет WBA чемпионы титулын қорғады. Ол 2014 жылдың шілдесінде Грозныйда Окендоны жеңіп, осы белдеуге ие болды. Алайда Чагаев пен Окендоның бірнеше айға созылған дауынан кейін сот оларды қайта жұдырықтасуға міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар