Бокс: Руслан Мәдиевтің келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Коста-Меса қаласында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - GGG Promotions қазақстандық боксшысы 23 жасар Руслан Мәдиев (6-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 3 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткізеді.

Бокс: Руслан Мәдиевтің келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Коста-Меса қаласында өтеді

Бұл жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы анықталған жоқ, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте-дегі парақшасында. Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталды.