Бокс: Саида Хасенова әлемдік рейтингтің көшбасшысы Кэти Тайлорды ойсырата ұтты

АІБА-ның интернет сайтында жарияланған жарыс нәтижелеріне қарағанда, 48 келідегі американдық Александра Стеуарт Ловеге Назым Қызайбай 20:19 (2 :3, 5 :5, 7:6, 6 :5) есебімен ұтылды. Ал 60 келідегі Саида Хасенова әлемдік рейтингте бұл салмақта бірінші сатыда тұрған ирландиялық Кэти Тайлорды 20:8 (8 :3, 5 :3, 7 :2, 0:0) есебімен ойсырата ұтты. Оның жеңісті жолы Фируза Шарипова (64 кг) мен Марина Волноваға (75кг) жұғысты болды. Фируза швециялық Патрисив Бергхулт Свенссонды 24:11 (3:4, 6:3, 7:3, 8:1), Марина нидерландиялық Ооушка Мирейлли Фонтижинді 19:18 (2:5, 6:4, 4:4, 7:5) ұтты.
Бүгін алғашқы жекпе-жекте Назым Қызайбай франциялық Лидия Боуссаддиадан 23:15 (4:3, 6:3, 7:6, 6:3) есебімен басым түсті. Енді Марина Волнова кешке француздардың келесі бір боксшысы Надежда Торлоповамен кездеспек. Марина басым түссе, ертең қытайлық Шиги Хумен (Shiqi Xu) сайысқа түсетін Назым Қызайбай сияқты жарыстың келесі кезеңіне жолдама алады.