Бокс: Санжар Тәшкенбай жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс: Санжар Тәшкенбай жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек Санжардың айқын басымдылығымен өтіп, ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.

Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Фото: sports.kz