БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Сергей Ковалев украиналық қарсыласы Исмаил Силлахты ойсырата жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды

деп хабарлайды «Р-Спорт».

Ковалев және Силлах арасындағы күрес Канаданың Квебеке қаласында өтті. Ковалев жекпе-жекті екінші раундта жеңіспен аяқтады. Бірінші раундта Силлахты есеңгіретсе, екінші раундта украин боксшысын сұлатып салды.

Силлахпен жекпе-жек Ковалев үшін кәсіби бокстағы 24-ші кездесуі еді. Ресейлік бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Ковалев 2013 жылғы тамызда британ боксшысы Натан Клеверлиді ойсырата ұтып, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.