БОКС: Сергей Ковалев пен Бернард Хопкин арасындағы жекпе-жек 1 қарашаға ауыстырылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшылар Сергей Ковалев пен америкалық Бернард Хопкиннің кездесуі 1 қарашаға ауыстырылуы ықтимал. Бұл туралы ресейлік споршының менеджері Эгис Климас мәлім етті.

БОКС: Сергей Ковалев пен   Бернард Хопкин арасындағы жекпе-жек 1 қарашаға ауыстырылуы мүмкін

«Әзірге жекпе-жек 8 қарашада өтеді деп жоспарлануда. Алайда НВО телеарнасына барынша қолайлы болғандықтан, 1 қарашаға ауыстырылуы әбден мүмкін», - деді Климас.

31 жасар Ковалев 79,38 келіге дейінгі салмақ санатында Дүниежүзілік боксшылар ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы болып табылады. Ал Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы (WBA) және Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша титулдар 49 жасар Хопкинстің еншісінде.

Екі алаң қарастырылуда - Атлантик-Сити мен Нью-Йорк (Бруклин).