БОКС: Тұрсынбай Құлахмет «Страндж» турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның София қаласында өткен «Страндж» халықаралық бокс турнирінде Тұрсынбай Құлахмет финалда жергілікті боксшыдан басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы Галина Тополева растады. «Иә, Тұрсынбай Құлахмет болгар боксшысы Арман Хакобянды ұтып, алтын медаль ұтып алды», - дейді ол.
Айта кетейік, кеше аталған турнирде аса ауыр салмақта (+91) қазақтандық Қамшыбек Қоңқабаев болгар боксшысы Петар Белберовке есе жіберіп, үшінші орынды қанағат тұтты. Ал 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет украиндық Валерий Харламовты жеңіп, финалға шыққан болатын.