БОКС: «Uzbek Tigers» пен «Astana Arlans» бірер сағаттан соң басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ташкент қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының алтыншы маусымы аясында еліміздің «Астана арландары» командасы Өзбекстанның «Өзбек жолбарыстары» («Uzbek Tigers») командасымен алғаш рет кездескелі тұр.

БОКС: «Uzbek Tigers» пен «Astana Arlans» бірер сағаттан соң басталады

«Астана арландары» клубының Бас директоры, Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев «Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында қазақ пен өзбек боксшылары арасындағы бұл кездесу өте тартысты болғалы тұрғанын мәлімдеген. Ол Өзбекстан былғары қолғап шеберлері WSB жобасы бойынша алғаш рет қатысып отырғанмен, құрамында дарынды жастар бар екенін айта келіп, тәжірибесі мол «Астана арландарының» жеңіске жететініне сенім білдірген.

Бүгін көрші елде шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұптары мынадай:
49 келі: Хасанбой Дусматов - Теміртас Жүсіпов;
56 келі: Абдулхай Шарахматов - Мейірболат Тоитов;
64 келі: Фазлиддин Мелибоев - Асхат Уәлиханов;
75 келі: Хуршид Норматов - Мейірім Нұрсұлтанов;
91 келі: Мирзабек Хасанов - Еркін Мұхамеджан.

«Uzbek Tigers» пен «Astana Arlans» командасының кездесуі Астана уақытымен сағат 20-00-де басталады деп жоспарланған.
Қос команданың тартысты жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы бүгін түнгі сағат 12-05-те қазақстандық көрермендер назарына ұсынады.