БОКС: В.Князева әлем чемпионатының ширек финалында есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 75 келі салмақта өнер көрсететін 19 жастағы қарағандылық Виолетта Князева Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Лондон Олимпиадасының жеңімпазы америкалық боксшы Кларисса Шилдске есе жіберді.
None
None

Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Бұның алдында әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан боксшыларының сапынан Назым Қызайбай (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шыққан болатын. Өкінішке орай, 64 келіде өнер көрсететін Зарина Цолоева жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, бұл күндері Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Олимпиада жолдамалары ойнатылуда.

Соңғы жаңалықтар