11:17, 27 Сәуір 2014 | GMT +5
Бокс: Владимир Кличко қарсыласы Алекс Леапаиді сұлатып түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Оберхаузен қаласында өткен жекпе-жекте украиндық боксшы Владимир Кличко австралиялық Алекс Леапаиді бесінші раундта нокаутқа жіберді. Осы арқылы ол өзінің барлық титулдарын сақтап қалды
Виталий Кличконың інісі Владимир WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып табылады. Спорт комментаторлары укариндық боксшы австралиялыққа еш мүмкіндік бермегенін атап өтуде. Ол қарсыласын соққының астына алды. Кличко кәсіпқой шаршы алаңда осымен 62-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол 8 жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын сақтап келеді.