БОКС: Владимир Кличко Кубрат Пулевпен жекпе-жекті кейінге қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби боксшылар арасында әлем чемпионы украиндық Владимир Кличконың тізеcі зақымданып, болгариялық Кубрат Пулевпен 6 қыркүйекке белгіленген жекпе-жегін кейінге қалдырды.
None
None

Бұл туралы неміс БАҚ-тары хабарлады.

Украиндық Австрияда жаттығу кезінде жарақаттанып қалды. Жекпе-жек шамамен екі айға шегерілді.

Кличко Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF), Дүниежүзілік боксшылар ұйымы (WBO) мен Дүниежүзілік бокшылар қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша 17-ші рет титулды қорғауы тиіс болатын, ол бұл атақты сегіз жылдан бері иеленіп келеді. Оның есебінде 62 жеңіс (53 нокаут), 3 жеңіліс бар. Украиндық соңғы рет 26 сәуірде рингке шығып, австралиялық Алекс Леапаиді 5-раундта сұлатып салған болатын.

Ал Пулев өткен жылғы тамызда америкалық Тони Томпсоннан басым түсіп, IBF-ге үміткер атанды. Содан бері екі рет жеңіске жетті. Оның есебінде - 20 жеңіс (11 нокаут), еш жеңіліп көрмеген.

Соңғы жаңалықтар