БОКС: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жектен соң 20-дан астам адам жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста (АҚШ) өткен американдық Флойд Мэйуэзер мен аргентиналық Маркос Майдан арасындағы 66,68 келі салмақ санатында Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін болған жекпе-жектен кейін орын алған кептелістен 20-дан астам адам жарақат алған.

БОКС: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жектен соң 20-дан астам адам жарақат алды

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жексенбі күні Мэйуэзер Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығының (WBC) титулын қорғап, белдікті ұтып алды. 12 раундтқа созылған жекпе-жекте ол төрешілердің шешімімен берілген ұпай саны бойынша аргентиналық Маркос Майданнан басым түсті.

Айқас аяқталған соң, халық ғимараттан шыға бастаған болатын. Кенет атысқа ұқсас қатты тарс еткен дыбыс шықты. Жұрт дүрлігіп, аренадан ойынханаға баратын тар жолға таласты. Құқық қорғау органдарының мәлімдемеуінше, кептеліс барысында 24 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі қарттар мен балалар.