БОКС: Жақыповтың AIBA Pro Boxing-тағы чемпиондық жекпе-жегі алдында қытайлық ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Біржан Жақыповтың Pro Boxing-тағы чемпиондық жекпе-жегінің алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан, деп хабарлайды Vesti.kz.

БОКС:  Жақыповтың AIBA Pro Boxing-тағы чемпиондық жекпе-жегі алдында қытайлық ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан

Үздік боксшы атағы үшін Біржан Жақыпов қытайлық Гуяндағы жергілікті боксшы Лю Бинмен бақ таластырды. Жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның бұрынғы әнұранын қосқан. Тікелей көрсетілім кезінде боксшы мен елдің ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың бұған қарсылық танытқаны байқалып тұрды. Фото с сайта thenews.kz