Бокс: Жан Кособуцкий Универсиада күмісін олжалады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қазан қаласындағы Универсиадада былғары қолғап шебері Жан Кособуцкий күміс еншіледі.

Бокс: Жан Кособуцкий Универсиада күмісін олжалады

Бұл туралы Sports.kz жазып отыр.

Жерлесіміз финалға барар жолда молдован Алексей Заватин мен беларусь Ян Судзиловскийді сүріндіріп, ақтық сында ресейлік Магомед Омаровқа 0:3 есебімен жол берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рустам Рустамов күміс иеленген болатын.