БОКС: Жанат Жақиянов IBO рейтингіндегі өз ұстанымын жақсартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) желтоқсанға арналған әлем боксшылары рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандық Жанат Жақиянов жаңартылған ранг тізімінде бір саты көтеріліп, жеңіл салмақ (53,5 келі) рейтингінде 26-шы орынды еншіледі.
Бірінші орын венесуэлалық Солис Либориоға тиесілі болса, екінші орында мексикалық Родриго Герреро, ал үшінші орында жапониялық Ивас Рюсуке тұр.