БОКС: Жанат Жақиянов Юрий Воронинді есінен тандырды
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов кәсіби бокста кезекті жеңіске қол жеткізді.
Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Бұл жолы жерлесіміз украиндық Юрий Воронинді тізе бүктірді. Минск қаласында өткен жекпе-жек 8 раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Еске сала кетейік, Жанат Жақияновты танымал британдық былғары қолғап шебері Рикки Хаттон жаттықтырады. Бұдан бұрын ол қазақстандық спортшының қарым-қабілетінің аса жоғары екендігін, тіпті жақын арада чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығуы ықтималдығын атап өткен еді.
Айта кетер жайт, жерлесіміз 28 маусым күні Белфастта рингке шыққан болатын. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі Ж. Жақиянов онда Никарагуадан келген Мишель Эскобарды айқын басымдықпен жеңді.