Бокс: Жәнібек Әлімxанұлы Әлем чемпионатының 1\4 финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катарда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының 75 келідегі боксшысы Жәнібек Әлімxанұлы мексикалық Родриго Солидосты айқын басымдықпен жеңді.

Бокс: Жәнібек Әлімxанұлы Әлем чемпионатының 1\4 финалына шықты

Үш раундтың қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты.

Келесі 1/4 кезеңде ол ирландиялық Майкл О'Райлимен кездеседі.